02.06.2022
  122


Автор: Ескен Елубаев

«РОМАНИСТ»

– Жатқа айтшы бiр өлеңдi, –
Деп көпшiлiк сұраған.
– Ересекпiн мен ендi,
Оқимын тек роман, –
Дедi Нұрлан, кiлең «үш»
Мектебiнде баға алар:
– Өлеңдi оқыр, бiлемiз,
Майда-шүйде балалар...





Пікір жазу