02.06.2022
  133


Автор: Ескен Елубаев

БIЗДIҢ ҚОЖАНАСЫР

– Солдаттағы балама
Хат жазып, ал сауабын, –
Деп өтiнген анаға,
Нұрлан бердi жауабын:
– Айдақ-сайдақ жазуым,
Апа, – дедi ол, – болмайды.
Хат жазуға əзiрмiн,
Тек оны оқи алмайды.
Қашқақтаймын сол үшiн,
Шындығы осы, бар мiнiм.
Хатты оқуға ол үшiн
Керек өзiм баруым...





Пікір жазу