meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.06.2022
  173


Автор: Ескен Елубаев

ШЫНДЫҚ ЖАУАП

Əке көңiлi қалып бiр,
Тергеуге ұлын алып тұр.
– Ел не үшiн мектепке
Түсiндiршi, барып жүр?
– Бiлiм үшiн барады...
Бiлу үшiн барады...


– Дым бiлмес сен, өзiң ше?..
Ұлы жерге қарады.
Қиын сұрақ мұнысы,
Үндемеген дұрысы,
– «Екi» алуға барады, –
Дедi ол үшiн iнiсi...





Пікір жазу