02.06.2022
277
![](/uploads/shorttexts/author_image/elubaev.jpg)
ТУҒАН КҮН
Туған күндер мынадай
Көктемде көп неткен де.
Бестi,
Дөнен,
Құнан,
Тай...
Туған бəрi көктемде.
Тоқты,
Тана,
Тайлақ жүр...
Шыбын, балық, құс та, аң...
Туған күнiн тойлап жүр,
Құшақтап гүл ұстаған...
Қандай жақсы бұлар кiл
Туғандары көктемде.
Əйтпесе ғой, сыйлар гүл
Бас-басына жеткен бе?
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ туған күн Көктем