01.06.2022
  151


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Әкем ұрын келген жер

Шешем туған мекеніне қарашы,
Ыстық тартып барады ғой даласы.
Шешем жүрген жердің-дағы ағашы,
Көрінеді маған болып нағашы.
Ақбас тауы малдас құрған төрден кеп,
Көлі көлкид көкірегінде өрден боп.
Əжей айтад:
(Өшкін көзін сығымдап),
– Осы жұртта əкең ұрын келген деп.
Анадан біз өлең де емдік, күй де емдік,
Анадан біз өмір жолын үйрендік.
Кешіре ме туған жері шешемнің,
Борышымды өтемесем жиендік.





Пікір жазу