01.06.2022
173
Өмір сағаты
Қайран жастық шақтар-ай, алауы өрттей,
«Ойнап-күліп алатын, заманы өтпей».
Тұрмын бүгін самарқау,
елден ерек,
Теңселемін тұншығып ауа жетпей.
Шіркін, жүрек шынымен тозғаның ба?!
Енді ғана елуден озғанымда.
Өмір басқа, ендігі əуен басқа,
Боз жалынға бой үйір болғаным ба?!
Қасиетіңді бəлкім мен аз ұқтым да,
Əр нəрсеге душар ғып қажыттым ба?!
Тағдыр салған тауқымет басқа түсіп,
Болмаса əлде мен үшін қан жұттың ба!
Шамаң қанша кім білсін, ағар тынбай,
Қағылады əйтеуір қанатың жай.
Бұрап-бұрап жіберші бұрауыңды,
Əлі де алыс шығар шың, баратын жай.