01.06.2022
135

Өлшенеді
Рушылдық, жершілдік ағайынды,
Байқашы бір, таза ма маңайыңды.
Шаңы шықпас жалғызым осы екеуі
Ағартты ма мезгілсіз самайыңды?!
Ескіліктің арқалығы опырылып,
Қалса-дағы бар бізде шошыр қылық.
Бəз біреулер мүдде үшін байбалам сап,
Ру атын басады көпір қылып.
Көре-көре қалдығын күйкі өмірдің,
Тозғаны ма, япырым-ай, жүйкең бүгін.
Екі өзімшіл «қызың» таласқанда,
Көрсетеді жершілдік, үлкендігін.
Арманың бар алдыңда жетем деген,
Борышың мол халқыңа өтелмеген.
Пендешілік сапар бұл, сақ жүргейсің,
Өлшенеді ақ-қараң ертеңменен.