01.06.2022
130
Түсіме еніп
Болу қиын халықтың қорғаны шын,
Болмағандай сезілед оңған ісім.
Дүниеге келіп ем, тым болмаса,
Жер шарынан бір тасты қозғау үшін.
Ақын боп та халықты жырғатпадым,
Үрген иті сияқты бір қақпаның.
Айтамын деп шындықты ауызым күйіп,
Оңашада отырып жылап та алдым.
Ұлылыққа десе де ішім еріп,
Кездерім бар жүретін кішірейіп.
Борбайына ботаның бұрау салған,
Қара биі қазақтың түсіме еніп.