01.06.2022
138
Елес
Сүйенед жарым ылғи жаныма кеп,
Ойынан өлеңіңнің жаңылма деп.
Аң-таң боп мен отырам үстелімде.
Кешігіп қайдан келдің, жаным-ау деп.
«Шалымды» алмайын деп айғайлатып,
Кетеді əкелмек боп шай қайнатып.
Сонда мен тəтті ұйқыдан оянамын,
Қолынан бір шыны шай алмай жатып.