01.06.2022
  140


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қара тауды қар басқанша

Тұяқ қызса ой бар ед шапсам деген,
Жазылдым ғой құландай ақсап əрең.
Сөйте жүріп самайға қылау түсті,
Тағдыр деген алысып бəтшағармен.
Тұрмайды ісім үнемі оңына кеп,
Бұл жалғанның оры да, торы да көп.
Түсім қашып, түн қатып аттанамын,
Бөрі азығы қашанда жолында деп.
Жасық қанша, нар кескен алмас қанша,
Қара тауды көрерміз қар басқанша.
Адамдар да əлемнің клеткасы,
Бақ пенен сор болмайды алмаспаса.





Пікір жазу