01.06.2022
276
Жеңгеме
Өмірден тəтті жеген, ащы жеген,
Қартайып қалыпсың-ау, жақсы жеңгем.
Өткен күн түсті есіме,
айтайын ба,
Саған бақ, құдай маған жақты берген.
Тұрғаны-ай, көз алдымда ерке шағың,
Басыңда үкілеген бөртпе салың.
Толықсып жүруші едің, сері жеңгем,
Қасыңда құп жарасып «ерке сарың».
Сен мені отауыңа кеште апарып,
Алған соң кəде жолын бесті атандық.
Жетелеп қайынсіңліңді əкелуші ең,
Оныңда жоқ ед жеңгем, еш қаталық.
Сол шақтың қымбат екен бəрі маған,
Сол жұрттың тұрған шығар талы да аман.
Барғанда қайыншылап, қарғам-ай деп,
Алдымнан шығатұғын қайын анам.
Секілді ед алтын киік ерке шағың,
Жылама.
Жоқтау əнін ерте салдым.
Жеңгетай, тым болмаса сен жүре тұр,
Сені көрсем елестер ерке сарың.