01.06.2022
  110


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жолаушы

Ей, жолаушы,
қайда тартып барасың,
Қаратер ғып атты неге шабасың.
Жесіріңді біреу алып қашты ма,
Жатыр ма əлде қал үстінде анашың?!
Ей, жолаушы,
қайда тартып барасың,
Қаратер ғып атты неге шабасың.
Қара селге жолықты ма ауылың,
Ағайынның өрт шалды ма арасын?!
Ей, жолаушы,
қайда тартып барасың,
Қаратер ғып атты неге шабасың.
Саятшы ма ең қыран құстан айрылған,
Қарақшы ма ең кезген Жоңғар даласын?
Байқа, байқа,
жолыңда ор да, тор да көп,
Арманыңа жеткізер ме арда көк.
Машинада мен келемін ырғалып,
Қандай жақсы тізгін қолда болған деп.





Пікір жазу