01.06.2022
172

Сабақтасқа сәлем
Сабақтас боп бір татқан бақыр дəмін,
Бірге айтысып жастықтың ақырғы əнін.
Бірге қалам ұштаған Нүкешім ең,
Отыз үш жыл дегенде хатыңды алдым.
Ойыншының болған соң оты басқа,
Би де, құл да зақұтқа отырмас па?!
Отыз үш жыл не деген көп уақыт,
Баламыз да кеп қалды отыз жасқа.
Сəлем саған аман ба қатын, балаң?!
Неге айтпадың жарыңның атын маған.
Алматының қызына, ай, қуым-ай,
Ойладың-ау болмас деп жақындаған.
Барсам депсің,
кел досым, үйіміз кең,
Өр Алтайдың сусында биігінен.
Демалыстан, қайтқандай табысайық,
Шұрқырасып баяғы күйімізбен.