Көктоғай халқына
Алтын айдар, жақұт көз,
Көк сауытты Көктоғай.
Бой көтердің шалқып тез,
Реформа жақсы орай.
Қарауылы отанның,
Сəлем саған, жасыл бел.
Аттың жалы, атанның –
Қомында өскен асыл ел.
Құбыласын дұрыстап,
Домалаған тасы өр.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Жауға шапқан батыр ел.
Бəйге бермес қосқаны,
Қара жарыс тынысты ел.
Қазанының қаспағы,
Қабат-қабат ырысты ел.
Қаһарына мінгенде ер,
Халық деген қарт ұя.
Кекірініп жүргендер,
Кешірмеңе тати ма?
Мен өзіңді сыйлаймын,
Қоңыр елім, жомарт, бай.
Ұяты мен иманын
Келе жатқан жоғалтпай.
Өз дарынын танытпай,
Биігіне шығарма ұлт.
Ақын туған Ақыттай,
Оңай емес мына жұрт.
Тобығына тұлпардың,
Түсе көрме уа, құрт.
Дəу бесігі Зуқаның,
Осал емес мына жұрт.
Бұл өңірден дала өңдес,
Талай-талай туды ірі.
Бүркітбайдың əні өлмес,
Есімқанның дүбірі.
Түйе біткен нар емес,
Алып болмас бар кісі.
Көктоғайдың аз емес,
Мəңгі тірі Мəдісі.
Ары таза, кір шалмас,
Ұлылыққа тəнтімін.
Рухын бер мұқалмас,
Өр Алтайдың халқының.