01.06.2022
112

Өлеңдерім
Өлеңдерім – көргендерім, білгенім,
Кейде жылап, кейде күліп жүргенім.
Естігенім елес ғана сияқты,
Жазардағы жасыл тұрғым бұл менің.
Ойсыз күнім – өлген күнім сəулесіз,
Қаламымнан қалмайды онда меруерт із.
Талмауырап таңым атар дəрменсіз,
Күлді-бадам күнім батар керуенсіз.