01.06.2022
170
Бас редакторсымаққа
Баспаймын журналға жоқтау жырын,
Желемігін естідім оттауыңның.
Сен топассың, тоғышар,
мен ақынмын,
Сондықтанда түсемін отқа бұрын.
Мұңға батқан кезімде, ойға батқан,
Мынауың не қасқырдай қойға шапқан.
Кебін киіп кеткенін жоқтамаған,
Көріп едің «білгішім» қай қазақтан.
Сүйегінде өлеңнің етін танымай,
Əлі дағы қызарар бетің талай.
Бастық болу бұл күнде қиын емес,
Редактор болуың екіталай.
Ақынменен қашанда етене елім,
Сенен де алыс дауысым жетер менің.
Жоқтауы бар ішінде Бəйтіктің деп,
Журналды елдің көрерсің көтергенін.