01.06.2022
  154


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Кітап саудасы

Шығарып ақын тағы жыр жинағын,
Біз көрдік қуаныштан ыржиғанын.
Кім білген аты əйгілі адамның да,
Бір күнде-ақ, кітап сатып пұл жинарын.
Көтеріп соғым тері, жыр кітабын,
Қасқайып қан көшеде тұрды шалың
Ойлады ол:
Осы жолы қос қабаттап,
«Саудада достық жоқ» деп бір ұтармын.
Не кітап, авторы кім? Қандай тысты?!
Көз қырын сеңсең бастар салмай шықты.
Теріні алыпсатар көрген жерден,
Таласып ашылаған қойдай тиісті.
Ұялып ақын сонда күреңденді,
Тері өтіп, өтпей қалды тіл өнері.
Баспамен өзінің де тоқтамы бар,
Жоқ еді саудагерге күлер жері.
– Сұлуды, алтынды да құшақтатам,
Болмайды кітап көрмей ұсақтасаң.
Деп ақын қан көшеде тұрды айқайлап:
– Жамағат,
арзан кітап,
кітап сатам!





Пікір жазу