01.06.2022
140
Шабытты шақ
Ақын үшін жаңа туған жыр ыстық,
Қажеті оған оңашалық, тыныштық.
Əйелмен де, баламен де келісіп,
Ызыңдаған шыбынға да ұрыстық.
Ондай шақта соғып тынған желдеймін,
Құйып-құйып өте шыққан селдеймін.
Қарақшы кеп қан қаптырса сезбеймін,
Қара түгіл, ханға сəлем бермеймін.