Жақсылық пен жамандық
Жатқан жоқ деп қорада қойым толып,
Жортуылда жүресің сойыл соғып.
Сөйте тұра күндейсің жақсылықты,
Көрген жоқ деп аты арып, тоны тозып.
Əй, жамандық, көнейін қай бабыңа,
Саған орай болған-ау, той-дабыра.
Мекен-жайсыз əлемді аралайсың,
Қайсы ауылда тұрағың, қай даңғылда?
Маған-дағы, саған да далам бесік,
Ел болған соң кетпейді қараң өшіп.
Жақсылықты келер деп қанша күттім,
Сен жүресің шай ішіп, тамақ жесіп.
Қыр қазағы болсын деп көркем Майлы,
Қымыз сатып бұл күнде дүкен жайды.
«Көзбайлағыш» оқуын қайсы жерден
Оқығаның біз үшін үлкен қайғы.
Тұлпар болсаң, басыңа жүген салып,
Бөгенайлап сыртыңнан жүрем танып.
Жақсылықтың соңынан түсе берме,
Қараңғыда қарабас сіріңке алып.
Жақсылық – пəк, жамандық – күншіл, құрбым,
Дүниеде пенде жоқ мінсіз бүгін.
Жақсылықтың өткенмен жақсылығы,
Жамандық та қоя алмас тіршілігін.