01.06.2022
  148


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Сенім

Қара болсын, хан болсын, кім болмасын,
Болуы хақ қалайда бір қолдаушың.
Кеткен оттан, құтқарар жеткен оқтан,
Сенім ғана серігім, үй жолдасым.
Сенім мені қидырмай қыршынымнан,
Ұшқар жылдар ұшырған, жыр тұғырдан.
Сенім маған қайсарлық қанат берген,
Терезенің сəуле боп жыртығынан.
Жақсылығы адамның сатылулы,
Оңғыш келер аптапта алтын буы.
Музаға мен табынып тамсанбаймын,
Талантында ақынның ақындығы.





Пікір жазу