01.06.2022
116
Көтерер туым
«Күндерің қалай өтуде»?
Шаншыған миды бар сұрақ.
Арманға қуып жетуге,
Адасар алда бар сынақ.
Əділет үшін ант ішіп,
Жылағаннан хал сұрап.
Астамдармен атысып,
Жатамын кейде қансырап.
Ынтызар жүрек тоғысқан,
Болғанмен жасыл бақ тыныш.
Қарулы қанды соғыстан,
Қауыпты бейбіт қақтығыс.
Берілер маған шен-шекпен,
Жығылсын деп жалы тік.
Тарих деген құтыдан,
Сауығам тамыр дəрі ішіп.
Ақиқат асар биігім,
Көтерер туым ар-намыс.
Жар сүю, бала сүюім,
Жолында соның алданыш.