01.06.2022
  129


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Өмір

Өмір деген өмір ғой, біз білетін,
Жылатып та, уатып, күлдіретін.
Дүниеге бір мезет келген адам,
Көрсетсем деп əуре құдіретін.
Өмір деген өмір ғой, біз білетін,
Жалған-шыны аралас бір жүретін.
Суығына тоңдырып, тоң сирақ қып,
Ыстығына шыжғырып күйдіретін.
Өмір деген өмір ғой, біз білетін,
Келтіре алмай жұмыстың бір ретін.
Жүргеніңде қисығын түзетем деп,
Бір шетінен бірі кеп бүлдіретін.
Өмір деген өмір ғой, біз білетін,
Тікен ұстап, түсіңе гүл кіретін.
Тірі жүрсек, адамдар ірі жүрсек,
Секілдіміз бəріне үлгеретін.





Пікір жазу