01.06.2022
  108


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Аңғалдығым бір жүрсің

Адалдығым сүйер шың,
Аңғалдығым бір жүрсің.
Домалақ арыз иесін,
Жүрмін бе пəк деп, кім білсін.
Жығылсам оңай жығылам,
Болса егер менде ілгішің.
Түңілмей түсі жылыдан,
Жылымға кетсем, кім білсін.
Емес қой өмір тұнық, ə,
(Сайтандар билеп, жын күлсін).
Соғымымды алған ұрыға,
Болдым ба қонақ? Кім білсін..
Отырып кейде түршігем,
Адамдар неткен көлгірсің.
Қаншама бұзық, тыңшымен,
Шай ішіп жүрмін? Кім білсін.





Пікір жазу