01.06.2022
  113


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Өлеңсіз қазақ болмаған

Емеспіз надан оншама,
Халықпыз жаны тозбаған.
Өнерсіз қазақ болса да,
Өлеңсіз қазақ болмаған,
Саздарға бөлеп сар түнді,
Қобызын тартып қарт бабам.
Жамбасқа батқан алтынды,
Көшкенде тас деп артпаған.
Əн-күймен жетіп мұратқа,
Жиһазға көңіл қоймаған.
Домбырасыз бірақ та,
Қазақтың үйі болмаған.
Қыс қаһарлы, жаз үнді,
Сыбызғы жасап қурайдан.
Қорқыт пен Құрманғазыны,
Кем көрмеген құдайдан.
Салт-санада тəуелсіз,
Халықпыз өнер жинаған.
Мың қойлық қызын кəдесіз,
Өнерпазға сыйлаған.
Емеспіз надан оншама,
Халықпыз жаны тозбаған.
Өнерсіз қазақ болса да,
Өлеңсіз қазақ болмаған.





Пікір жазу