01.06.2022
  98


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Кездестірсең

Кездестірсең
Сұлумен кездестір,
Арсыз болмасын.
Кеңестірсең
Қартпен кеңестір,
Тірілтсін жолдасын.
Теңестірсең
Жақсымен теңестір,
Құрметтейін əз басын.
Егестірсең
Жаманмен егестір, 
Күндестігін қозғасын.
Белдестірсең
Мықтымен белдестір,
Қапылым қалмасын.
Елдестірсең
Қасыммен елдестір,
Аяқтан шалмасын.
Селбестірсең
Досыммен селбестір,
Көшім аумасын.





Пікір жазу