01.06.2022
141
Алтын
Ей, алтын, қай жықпылдан тұрдың жайнап,
Үстіңде опыр-топыр жүрдік ойнап.
Көрінбей сонша жылдар тығылғанда,
Сарғайып жатыпсың-ау қулық ойлап.
Ей, алтын, адамды да таңдаймысың,
Бар еді бұл қалада қандай кісің.
Бір таудан шығып едік, көңіл үшін
Біз жаққа төркіншілеп бармаймысың.
Аз ба еді бұл ғаламда сені іздеген,
Келеді əуемен де, теңізбенен.
Түсірмей өзің түгіл сағымыңды,
Жүресің ойнап-күліп теңіңменен.
«Тазамын, намаз оқып тұрмын дара»,
Дегенді де батырдың мың күнəға.
Ғажап-ақ таңғаламын адамдарға,
Мас болады екен ғой буыңа да.
Бар бүгін базарың да, беделің де,
Сенесің адамзатты «жеңеріңе».
«Періште сені көріп жолдан азған»,
Сайтанның өсіпсің ғой бөлеуінде.