01.06.2022
  126


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Сүйенішім

Қаныңның тоқтата алмай ағын күшін,
Қанша артты сау күніңе сағынышым.
Бұл жолы бір өлімнен қалдың əйтеу,
Не балаң, не өзімнің бағым үшін.
Бір сөніп, бірде жанып қарашығың,
Ес шығып, арлы-берлі аласұрдым.
Басыңа іс түскенде қандай жақсы ед,
Болғаны сүйейтұғын жанашырдың.
Тарылған кезі болған кең жалғанның,
Түбіне шегілгенсің сен де арбаның.
Қызығың енді ғана басталғанда,
Қандай мұң, кетсең егер мен қалғаным.
Сенде жоқ «салақ» күйеу, олақ бала,
Қой күйбеңді, жүгірме қонаққа да.
Қан қысымың тағы өрлеп кете ме деп,
Мен жүрмін қабағыңа қарап қана.





Пікір жазу