01.06.2022
  94


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жауап

Айтқанымның бəрі рас,
– деші орынды.
Жақсы-ақ еді жинасақ «қос» өнімді.
Сен түгіл жазушылар қоғамы да,
Əлі де сақтап отыр бос орнымды.
Кейбіреу: – осы емес пе таусылғаны,
Десіп жүр, естімедік дауысын əлі.
Кейбірі əзіл дейді: аз «мансаптың»
Астында осы деп жыр жаншылғаны.
Достардың сындауының басқа мəні,
Мені іздеп қатарынан жоқтағаны.
Қан түскен аяғына тұлпарымды
Қамшылауы, қызсын деп от табаны.
Менің де бар талғампаз арман шыңым,
Оның кейін көрерміз жалған-шынын.
Ақпандатып алдымда қысым жатыр,
Əлі өткізіп болғам жоқ жаз маусымын.





Пікір жазу