01.06.2022
122
Жарым және көк атым
Көк атым,
сол көк атым жақсы-ақ еді,
Жарысқанда кететін тастап елді.
Бір қыста бір санынан қасқыр тартып,
Жануар тай күнінде ақсап еді.
Барғамын қайыншылап аралға да,
Қадірлі ед қайын жұртқа жаман бала.
Оқуға кетерімде жарым жылап,
Кісінеп атым қалған, амал бар ма?!
Ауылға демалыста жазда келдім,
Қызығым сонда көрген аз ба менің.
Шақырды бие байлап,
марқа сойып,
Оқыған азаматын аз ғана елім.
Сол шақты отыра қап қайта ойладым,
Алтайды алты күнде неше айландым?!
Жарыммен қайсы жерден бүлдірген жеп,
Құдай-ау, қайсы арада қарта ойнадым.
Өзім сал, атымда онда сетер екен,
Қазіргі көрген күнім бекер, көкем.
Көк аттың жалы қайда тұтатайын,
Кісінеп жарымды алып жетер ме екен?!