01.06.2022
126
Таразыға түскен күн
Тіршіліктің аулақ салып іргесін,
Жүрсең дағы халық пенен біргесің.
Табыстарға жеткен сайын көбейер,
Қошаметшің, бақталасың, күндесің.
Халық барда жала менен жазадан,
Болған емес сау қалған бір таза адам.
Крестке Ғайсаны шегелеп,
Бруноны өртегендер аз адам.
Халыққа тəн ағалық пен даналық,
Өтсе өтер, өзімізден балалық.
Ерте-кеш пе таразыға түскен күн,
Парықталар адамдардағы аралық.