01.06.2022
  102


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Дүниеден өтерміз біз де бір күн

Табиғат сыйласа да аз дарын маған,
Əлі еншім бар өмірден алынбаған.
Несие алған кедейдей қалталыдан,
Күнде бір уақытқа қарызданам.
Жаман күнде қасымнан табылмаған,
Енді достар, қараңдар бəрің маған.
Шақырады қияннан қияларға,
Құбылыстар көздерге шалынбаған.
Шабыт желі шақырып күнде бұлтын,
Түнде ұйқым келмейді, күнде күлкім.
Аяқталмай жазылған ақырғы өлең,
Дүниеден өтерміз біз де бір күн.





Пікір жазу