01.06.2022
89
![](/uploads/shorttexts/author_image/kisspng-writer-author-writing-book-computer-icons-feathers-5acdbedaa20077-5457599715234331786636[6].png)
Атбайлар
– Қайтыңыздар дəм татып!
– Асығыспыз, қарағым.
Келген екен жан тартып,
Сағындырған қазағын.
Мақұлдастық баруға,
Сүйекшіл-ақ бала екен.
Гүлжазира тарымда,
Атбайларым бар екен.
Күйеу басын тұрды иіп,
Көріп қайны ағасын.
Сəбиі де жымиып,
«Қазақ» – деді – нағашым.