01.06.2022
249
Баркөлге сапар
Тарихта жер еді мың құбылған,
Тыңдаймыз – деп, – шежіре əр қырынан.
Біз келеміз, – Баркөлге – Баян ауыл,
Орайлы сəт болды – деп, – дəм бұйырған.
Жолдың бойы бүргенді, қарағайлы,
Көңіл құсым Баркөлді аралайды.
Бір баласы абақтың келіпті деп,
Туыссырап қайсысы ағалайды?!
Ақыт шыққан анау ма Бейшан тауы1,
Ақындар мен жиналған күйші атаулы.
Бізге-дағы сарқыты қалған шығар,
Үлкен үй ме? Нұсқайсың, қайсы отауды?!
Бұл арада жыр қалған, сыр да қалған,
Ұстатпайды кеуделеп шыңға арман.
Ел намысын жоқтаған батырлардың,
Образы тауындай мұзға оранған.