meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.06.2022
  148


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Алағақ

Жер ұйығым, жаннатым,
Мақтанышым Алағақ.
Жұттым заман шəрбəтін
Кең төсіңді аралап.
Мен де гүлі жазыңның,
Аялаған думанды ел.
Мекенісің жарымның,
Сен де маған туған жер.
Жыр желкені
Қуың барма көлдегі,
Бастау басы жалбыздар.
Қайда екен сол кездегі
Қарақат көз балдыздар.
Жастығымнан бар дүбір,
Елітемін елеске.
Анау тұрған саркідір
Сері жеңгей емес пе?
Замандану шағың бұл,
Жұлдызың бар, айың бар.
Баурайыңда балғын жыр,
Баурайыңда ойым бар.
Күтілгелі келмедім,
Силай көрме төс тартып.
Өркен жайған еңбегің,
Тағы да елім өс шалқып.





Пікір жазу