meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.06.2022
  166


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ақ таяқ

Көшумен тоздық сан ғасыр,
Көшуде не тұр қимастық.
Аңсаймыз тауды жап-жасыл,
Ақ таяқты мирас қып.
Басқаның ұл мен қыздары,
Өнермен бізге өнеге.
Надандық неткен ызғарлы,
Айрансыз қазақ өле ме?!
Надандық неткен ызғарлы,
Өліп те талай тірілдік.
Кім бізден бақыт қызғанды,
Өзіміз сүттей ірідік.
Беретін əке сəбиге,
Құлын мен бұзауға ен салып.
Демейді неге əлі де,
Ғылымнан қайт деп «енші» алып.





Пікір жазу