01.06.2022
  131


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қарлығаш

О, қарлығаш, келдің қайдан,
Айналасың басымнан.
Арылмаған мендік ойдан,
Ұштың ба ару қасынан.
Сайра, сайра, қарлығашым,
Сағындырған құсымсың.
Түн түргенде қабырғасын,
Ғайып болған түсімсің.
Көрдің бе оны құмарта тым,
Ұяңа кеп қарағанда.
Не болмаса қолаң шашын
Бұлаққа кеп тарағанда.
Барсаң оған мен жөнімнен,
Айтпа сəлем үйретінді.
Мөлдіреген көздеріңнен
Көрсете бер суретімді...





Пікір жазу