meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.06.2022
  154


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Бүркіт

Тегеуірінің телегей күш сақтаған,
Кейде еліктеп өзіңше ұшпақ болам.
Алты қырдан қуанам дауысыңды естіп,
Қазағымның үйінен пыштақтаған.
Дауылда өскен құссың ауыр сынның,
Құздарында түлеткен ару шыңым.
Ақыт ақын қалам ғып өлең жазған,
Бүркіт сенің екен ғой қауырсының.
Тентегіндей саятшы үкілеген,
Өзіңдей боп шабытты кім тілеген.
Томағаңды тартқандай талпынамын,
Өзіңе ұқсап қияннан түлкі көрген.





Пікір жазу