01.06.2022
138
Қарғалдақ
Шыңда өскен шынығып,
Гүл ашыпты қарғалдақ.
Қарай бердім қызығып,
Ұсынарма ем жарға арнап.
Болмаса да көркі ерек,
Қандай сыр бар бойында.
Тұрады екен еркелеп,
Ақбас таудың қойнында.
Басқа гүлдер төзімсіз,
Күндегенмен күнде оны.
Ал, қарғалдақ бір мінсіз
Махаббаттың символы.