01.06.2022
106
Алтын мүйіз кербұғы
Мұнарт, мұнарт қалған бұлт,
ақ көпігі көпірген,
Көбік бұлтты кеудемен көсеп-көсеп,
өкірген,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!
Күйек тартса, сай түбі сағал-сағал
су тоқтар,
Танау керсе, таулардың құшағына
бу қаптар,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!
Қыж-қыж идей божыған ашуынан
жай шашқан,
Қож-қож тасты тұяқпен турап
барып айқасқан,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!
Шағыр мұзды жаласа ағын
пайда болатын,
Жасаураса жанары – жауын
пайда болатын,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!
Он төрт сала сом алтын – бір
құдірет ойнаған,
Қылтылдаған ноқат боп
көкжиекті бойлаған,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!
Аңыз орнын көрмеген Ата
сөзді білмейді,
Адасқанға жол сілтеп Алтайда
әлі жүр дейді,
Алтын мүйіз кербұғы-ай!!!
Алтын мүйіз кербұғы-ай!!!