01.06.2022
  227


Автор: Мақсат Әлсейітов

Үстіңе тағы бір көйлек киде, жаңартып...

Үстіңе тағы бір көйлек киде, жаңартып,
Мен жақтан жылы, мен жақтан жылы хабар күт.
Тағдырға жылап, шын бақыт сұрап тұрып мен,
Ала жаздаппын өзімді өзім жоғалтып.
Хабар күт менен көңілім өсіп желпінер,
Тілектес болсаң біздерге бақыт ел тілер.
Нәп-нәзік жаның бір мені ойлап елжірер,
Мөп-мөлдір көзің мен жаққа қарап мөлдірер.
Адалдығыңнан әркімдер ғибрат аларлық,
Тағдырдың берген сол сыйын алма жоғалтып.
Үстіңе тағы бір көйлек ки-де жаңартып,
Мен жақтан жылы, мен жақтан жылы хабар күт.





Пікір жазу