01.06.2022
208
Шығарып сап қала алмай сені, жаным...
Шығарып сап қала алмай сені, жаным,
Қажып қайттым вокзалдан қаншама рет.
Қажып қайттым, қажымай не қыламын,
Өзің болдың жүректің аңсары тек!
Қажып қайттым вокзалдан пысым құрып,
Темекінің түтінін талшық етіп,
Айта алмай-ақ өзіңе түсіндіріп,
Алдым, сосын, жүректі әлсіретіп.
Жүрек деген патшаның кеудемдегі,
Жазаландым тыңдамай әмірін мен,
Патшам енді жазалап өртер мені,
Өтті күнім өксумен,сағынумен!