01.06.2022
186
Ақбөкен
Даламның көркі-ақбөкен,
Кең дала оған бақ мекен,
Даланы ғана сүйеді,
Жанына аймақ жат бөтен.
Даланың ерке маралы,
Болмаса екен жаралы.
Қазақтың қызы секілді,
Мөп-мөлдір оның жанары.
Айып па қазақ халқы оны,
Қарашығындай сақтаса.
Даланы кезген еркені,
Атпаса екен, атпаса!
Атпаса екен еркені,
Даламның марал көркі еді.
Дүбірлеп күйге толтырған,
Ғажайып сұлу өлкені.
Осы бір сұлу аймақты,
Сүйіпті,
Еркін жайлапты,
Қазақтар сынды тағдырын,
Далаға олар байлапты.
Даламды кезген сүйікті,
Қырмасын ешкім киікті,
Олар да еркін өмірді,
Қазақтай болып сүйіпті.