Домбырашының әңгімесі
Оңашада домбыраны қолға алсам,
Үміт сәулем өшіп қайта жанған шам.
Еске түсер сонау бала күндерім,
Дөңбекшумен мен атқызған таңдар сан.
Еске түссе егілемін мен әлі,
Келген кезім он алтыға небәрі.
Мені қосты ғашықтардың еліне,
Ауылдағы әнші қызды жанары.
Арпалысып лапылдаған сол отпен,
Жүрген кезім хат жазумен, әлекпен.
Домбырашы бір жігітті ұнатып,
Жүрегімді тырнап алды ол әттең...
Шыдамады менің бала намысым,
Қолға алдым домбыраны ар үшін.
Келер жылы домбыраны сөйлетіп,
Таң қалдырдым ауылдың жас-кәрісін.
Содан бері сері домбырам сырласым,
Тастамаймын келсе-дағы жүз жасың.
Оңашада көз алдыма әкелер,
Қайырылмай кеткен қыздың тұлғасын.
Содан бер сері домбырам күй төккен,
Саусақтарды он пернеде билеткем.
Қай жақта екен қайран сол бір ерке қыз,
Қазағымның бір өнерін үйреткен?..