01.06.2022
131
Жын-шайтанды байлап, матап тастаған...
Жын-шайтанды байлап, матап тастаған,
Іздеп едім Сүлейменнің жүзігін.
Сөйтсем жоғым көктен іздеп таппаған,
Көзінде екен көршіміздің қызының!
Зекет алып қам сүт емген пендеден,
Шайтан малғұн салған кезде әуресін.
Мөлдір көзден көрдім бе екен әлде мен,
Көктен түскен сол жүзіктің сәулесін.