01.06.2022
  115


Автор: Мақсат Әлсейітов

Қыс мінезі қырқып түсер дәу қанжар...

Қыс мінезі қырқып түсер дәу қанжар,
Көктемеде нұр іспеттес жауһар бар.
Көбелектей лүп-лүп еткен жүректі,
Тоңдырады қабағыңнан жауған қар.
(Жылытады нұр іспеттес жауһарлар!)
Көбелегім бір өзіңе аманат,
Ала көрме тоңдырып һәм жаралап.
Қар жауса да,
Нұр жауса да,
Әйтеуір,
Қонақтады кірпігіңе паналап!





Пікір жазу