01.06.2022
  145


Автор: Мақсат Әлсейітов

Аш-Тарханды салғанда Жәнібек хан айбынды...

Аш-Тарханды салғанда Жәнібек хан айбынды,
«Аузы түкті кәпірдің маңдай тері тамды-ау» деп
Асан қайғы қайғырды.
Маңдай тері пенденің мөрі емес пе Алланың,
Өз жеріне өзгенің терін – мөрін бастырып.
Ел Еділден айрылды.
Айдап келді үйірлеп, қауға сақал мұжықты,
Шайтан билеп көңілін,
Тегін еңбек күшіне есі кете қызықты.
Күңіреніп қарт абыз,
Бұл шаһардан күдерін күні бұрын үзіпті.
Жолдас болсаң жолдас бол бөрімен не перімен,
«Қаш!», «қаш!» бауырым, бірақ та,
сарт-сауанның терінен.
Кісі ақысы қауіпті қойға шапқан бөріден,
Кел, бауырым, қорғайық мына байтақ Отанды,
Өзгелердің терінен!
Таңбалайық топырақты Жаратқанның Мөрімен!





Пікір жазу