01.06.2022
  97


Автор: Мақсат Әлсейітов

Таймадым алған бағыттан

Милиса ұрып тепкілеп,
Сойылмен соқты жонымды.
Қайдағы битке өкпелеп,
Өртейін қалай тонымды?
Тірілер жанды жаралап,
Безіндім елден алшақтап.
Қаңғырдым мазар аралап,
Көзімнің жасы моншақтап.
Көкірегім менің шұрқ тесік,
Оқ тескен шығар мүмкін мың.
Жүз рет құлап бүк түсіп,
Жүз рет алға ұмтылдым.
Шығады шыңға мықтылар,
Омыраудан шып-шып ағып қан.
Жолбарыс аңша шұп-шұбар,
Таймадым алған бағыттан.





Пікір жазу