01.06.2022
120
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-28-16-22-22.png)
Қызылқұмға қашып едім бас алып...
Қызылқұмға қашып едім бас алып,
Қара көзге қан аралас жас алып.
Шынжырлаулы нарлар шықты алдымнан,
Кете алмаған өз еркіне босанып.
Шынжырлаулы нарлар жатты ыңыранып,
Құбыладан дауыл соқты жынданып.
Көз алдымда шаң-тозаңға айналып,
Көшіп жатты...
Босып жатты...
Құм ғаріп.