01.06.2022
146
Алтынға тамды менің кіндік қаным...
Алтынға тамды менің кіндік қаным,
Айтпайды кіндік шешем сыр ғып бәрін.
Қазағым, мезгілінен кеш білерсің,
Сөзімнің құрамында шындық барын.
Сөзім – құм, шындық – алтын, дұрысы нақ,
Көрген жоқ бота құмдар жылы шуақ.
Айдаһар бауырына алтын басқан,
Қойғандай сол ботаның ырысын ап.