01.06.2022
191
Көкжиек алтын ерлі бір көк бесті ат...
Көкжиек алтын ерлі бір көк бесті ат,
Ниетін байқатпайды бір дөңді аспақ.
Әзірше бір орында жайылып жүр,
Шылбырын сексеуілге күрмеп тастап.
Бұлдырап көз ұшында елік қашты,
Тұяғы құм толқында көбік шашты.
Құлдырап қызыл сәуле арасымен,
Қол жетпес арманымды алып қашты.
Жөнелді сұлу елік белден асып
Құм қалды ессіз-түссіз халде ғашық.
Батқан күн сыйға тартқан қып-қызыл гүл,
Тұр құмның құшағында сәуле шашып.